Бейнебаян

330Жаңалықтар

Kids citi

«Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады»
А. С. Макаренко
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады.
Осы орайда бөбекжай-бақшамызда «Балалар жылында» балаларға тарту ретінде «KIDS CITY» балаларға арналған ойындар қалашығы ашылды.
Балаларға арналған ойын қалашығының мақсаты: Сюжетті- рөлді ойындар арқылы балаларды жан-жақты , өмірге бейім жеке тұлға ретінде дамыту. Ойындар арқылы балалардың бір-бірімен емін-еркін қарым- қатынасқа түсе алуын, шығармашылық дербестігін, әлеуметтік құзіреттілігін,балалардың бойында көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру. Сондай- ақ балалардың өзара тілдесуі барысында сөздік қорлары молаяды, айналаны тануға көмектеседі, дүние сырын ашады.
 
#балаларжылы
 #kidscity

Акимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital KazakhstanУправления образования КЗОМинобразования и науки РК