“Отпен ойнама, қауіп бар!”
Балаларымыз “Отпен ойнама, қауіп бар!” тақырыбында танымдық мультфильм тамашалап, өрт қауіпсіздігі туралы маңызды мағлұматтар алды. Қызықты ойындар арқылы оттың пайдасы мен зиянын ажыратып, төтенше жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйренді.
Кішкентай бүлдіршіндер рөлдік ойындарға белсене қатысып, бірі – өрт сөндіруші, бірі – от, енді бірі – сіріңке бейнесін сомдады. Әсіресе өрт сөндіруші рөліндегі балалар батылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. 🚒
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы балаларымыз қауіпсіздік ережелерін санасына сіңіріп, сақтықтың маңызын түсінді.






