Бейнебаян

15Іс-шаралар

«Заң мен тәртіп»

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес  «Бәйтерек"ересек тобының тәрбиеленушілері «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы аясында ТЖБ (төтенше жағдай бөлімі) қызметіне саяхат жасап барды. Іс-шара барысында балалар төтенше жағдайлар қызметінің жұмысымен танысып, өрт сөндіру техникаларын, арнайы құрал-жабдықтарды көріп, мамандардан қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат алды. Тәрбиеленушілерге өрт кезінде өзін-өзі ұстау, қауіпті жағдайларда 101 нөміріне хабарласу тәртібі түсіндірілді. 

Қорытындылай келе, өткізілген іс-шара балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізді.

Акимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital KazakhstanУправления образования КЗОМинобразования и науки РК