"АПТАЛЫҚ ШОЛУ»
#БіРТҰТАС_ТӘРБИЕ_БАҒДАРЛАМАСЫ мақсатын іске асыру негізінде апта бойына тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.
1-ші күннің құндылығы:
«ДОСТЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК»
Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсінік бере отырып, достарға деген мейірімді қарым-қатынасқа үйрету.
"Достық және мен"
"Дос болайық бәріміз"
"Мейірімділік әлеміне саяхат"
2-ші күннің құндылығы: «ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ»
Мақсаты: Балаларды әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге үйрету.
"Әдептілік әліппесі"
" Жақсыдан үйрен"
" Адалдық адамдықтың белгісі"
"Адамгершілік- рухани байлық" ұжыммен дөңгелек үстел.
Мақсаты: Ұжым арасында адамгершілікті, тәрбиені, асыл қасиеттерді сіңіру. Рухани тәрбиені қалыптастыру. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
3-ші күннің құндылығы:
«КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ»
"Кітап біздің досымыз"
"Қызықты кітаптар шақырады"
Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру. Кітапты таза ұстауға, тазалыққа баулу.
4-ші күннің құндылығы:
«ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ТАЗАЛЫҚ»
"Тазалық -біздің досымыз"
"Тазалық денсаулық кепілі"
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтының дағдыларын және қажеттілігін сақтай білуге тәрбиелеу. Жан мен тән тазалығын сақтауға, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
5-ші күннің құндылығы: «АДАМГЕРШІЛІК»
"Ертегі оқу сағаты" Тұмар әжелер мектебі жұмысы.
"Адамгершілік асыл қасиет"
Мақсаты: Адалдық, шындық туралы түсінік қалыптастыра отырып, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірімді, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық қасиеттерді игеруге ықпал ету.






