2013-2014 оқу жылы
2.10.2013 жыл - Қызылорда Облыстық телерадио компаниясының ұйымдастыруымен жүргізілген «Ботақан» телебайқауына, «Құлыншақ» тобының бүлдіршіні Мейірбек Нұрай қатысып дипломат атанды.
16.10.2013 жыл-«Бал-бала-2013» телебайқауында «Байтерек» және «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері А.Нұркенқызы мен С.Алпысбай өнерлерін көрсетіп жүлделі екінші орынға ие болды.
25.10.2013 жыл- Ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары К.С. Есмағанбетованың катысуымен «Салауатты өмір салтын сақтаймыз» тақырыбында «Денсаулық» білім беру саласы бойынша ересектер тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері өткізілді. Тәрбиешілер Р.Садықова, А.Аймаханова жоғары деңгейде өткізілгендері үшін топтарына Ардагерлер кеңесінің дене шынықтыру құрал-жабдықтары берілді.
20.12-2013 жыл - Қазақстан Республикасының президенттік шыршаға «Байтерек», «Қарлығаш» ересек тортарының бүлдіршіндері «Ақшақар» биімен қала бүлдіршіндеріне өз өнерлерін көрсетті;
Наурыз айының 13 жұлдызында балабақшамызда қалалық семинар өткізілді. Семинардың концерттік бағдарламасын ән-әуез жетекшісі А.Еспенбетова мен М.Есимова, би жетекшісі А.Көшербаева жақсы дайындап, көрсетті.






